Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде егін шаруашылығының өнімділігін арттыру аса маңызды. Сондықтан Президент әр гектарға шаққанда, астықтың өзіндік бағасын төмендетіп, суды үнемді пайдалану қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ сапалы тұқым, қолжетімді тыңайтқыш және ғылыми дәлдікке негізделген егіншілікті дамыту керектігін алға тартты, деп хабарлайды 24KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– 2023 жылдан бері бидайдың бітік шығуына тәуелділікті азайтып, пайдасы әлдеқайда жоғары дақылдардың үлесін көбейту бағытында жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Топырақ пен климат жағдайын, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындардың сұранысын ескере отырып, егістікті әртараптандыруды одан әрі жалғастырған жөн. Биыл диқандарымыздың минералды тыңайтқыш пайдалану деңгейі алғаш рет ғылыммен негізделген қажетті мөлшердің 65 пайызына жетті. Бұл – ауыз толтырып айтарлықтай жетістік. Бірнеше жыл бұрын аталған көрсеткіш небары 20 пайызды құраған еді.
Тегтер #Тоқаев #егін шаруашылығы #азық түлікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz