RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда мың студент волонтер атанды

20.11.2026, 17:07 27

Ақтауда алғаш рет мың студент бір мезетте Қаржылық мониторинг агенттігінің волонтері атанды. Оларға волонтер мәртебесін беру рәсімі «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Форумның мақсаты – белсенді жастардың құқықтық сауатын арттырып, оларды кибер-қылмыспен бірлескен күреске жұмылдыру, деп хабарлайды 24KZ.


Қаржылық мониторинг агенттігінде «Адал азамат – қаржылық қауіпсіздік» атты волонтерлік ұйым бар. Оған мүше белсенді жастардың қатары биыл І-курсқа қабылданған мың студентпен толықты. Жергілікті университет базасында құрылған еріктілер клубының мүшелері қоғамда киберқылмыстың алдын алу туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді.

Бекзат Қадырбай, волонтер:

– Оның басты мақсаты – жастар арасында, студенттердің арасында немесе жалпы жаппай халықтың арасында қаржылық сауаттылықты арттырудың арқасында интернет-алаяқтықтан, дропперліктен немесе соған ұқсас қаржы пирамидалары секілді алаяқтықтан сақтау үшін бағытталған профилактикалық жүргізетін волонтерлік қозғалыспыз Бүгінгі. болып жатқан іс-шара соның бір тағы бір басқосуы, тағы бір себебі деп білемін. Ол жерде ант қабылдап жатырмыз, өзіміздің әнұранымыз шырқалып жатыр. Бұл жердегі волонтер студенттердің рухын оятып, оларды алда уақытта демеп, қолдау ретінде. «1000 студент дегеніміз – киберқылмысқа қарсы жасалған 1000 іс» деп білеміз.

Форум Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қолдауымен өтті. Уәкілетті орган өкілдері жыл басынан бері өңірдің жүзден астам білім беру мекемесінде болып, жоғары сынып оқушылары мен студенттерге дәріс өткізді. Олар жас волонтерлердің игі іске серпін беретініне сенімді.

Жұлдыз Жасыбаева, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі:

– Біздің қазіргі қоғамда ең өршіп тұрған қылмыстардың бірі, ол қаржылық қауіпсіздік. Сол себепті бұл волонтерлік клубтың ашылу себебінің бірі – жас волонтерлердің департаменттің қызметкерлерімен бірлесе халыққа қаржылық қауіпсіздіктің мәнін түсіндіру. Біздің ең басты мақсатымыз – жастарды заң аясында тәртіпті болуға шақыру және де қаржылай қауіпсіздікті қалыптастыру жастардың арасында.

Еріктілер ұйымына қабылданған студенттер іс-шара соңында әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, ғаламтор қолданушыларын «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтауға үндейді.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz