RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Ресей сауда-саттықты арттырып жатыр

20.11.2026, 21:13 41

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын 30 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр. Талдау орталықтары мен ғылыми институт өкілдерінің пікірінше, мұндай межені бағындыруға мүмкіндік жетеді, деп хабарлайды 24KZ.

Былтыр екі ел арасындағы өзара сауда – саттық көлемі 28 млрд долларға жуықтады. Бұл туралы Алматыда Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесінің отырысында айтылды. Басқосуда тауар жеткізу бағыты мен бірлескен өндіріс орындарын дамыту мәселелері талқыланды. Сессияның бірі Орталық Азиядағы қауіпсіздікке арналды.

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

– Әрбір талқылаудың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленеді. Оны мемлекет басшылары мен үкіметке жолдаймыз. Менің ойымша, сарапшылар кеңесінің отырысы өзін тиімді алаңның бірі ретінде көрсетті. Қордаланған мәселені шешуге және екіжақты қарым-қатынастың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz