RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында 34 мың ағаш егілді

20.11.2026, 21:18 35

Биыл Қарағанды облысында көктемгі және күзгі науқанда 34 мың ағаш егілді. Бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белгіленген межеден 4 мыңға артық. Өңірде жасанды интеллект элементтері енгізілген GreenMa Мэп қосымшасы бар, деп хабарлайды 24KZ.

1,2 млн-нан астам ағаш-талға қатысты ақпарат цифрлық есепке алынды. Жасыл желектің күтімі бақылауда болады. Облыста түрлі экологиялық акцияға 160 мың адам қатысты. Игі бастамаларға үлес қосып жүрген экобелсенділер, табиғат жанашырлары «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» атты облыстық жастар экологиялық форумында марапатталды. Іс-шарада «Үздік эковолонтер», «Үздік экокоманда», «Үздік аула» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. «Форумның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған өлкені көркейтуге, қоғам назарын аудару», – дейді ұйымдастырушылар.

Аружан Омарбекова, Приозёрск қаласы Жастар ресурстық орталығының маманы:

– Бізде «ASAR» волонтерлер корпусы жұмыс істейді. Құрамында 80 адам бар. Оның 40-ы – жастар, қалған 40-ы – аға буын өкілдері. Маусымдық жұмыстарға көбіне жастар белсенді атсалысады. Мәселен, ағаш отырғызу, аулаларды тазалау сияқты игі істермен айналысады. Сонымен қатар «Игі істер марафоны» да ұйымдастырылады. Экологияны таза ұстау – өз болашағымызға қамқорлық жасау деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz