RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда Рахметолла Райымқұловқа ескерткіш қойылды

21.11.2026, 10:40 37

Бауырлас Өзбекстан жерінде қазақ сөз өнерінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург әрі шебер аудармашы Рахметолла Райымқұловтың бюсті ашылды. Мәдени іс-шара Ташкент облысының Қараманас ауылында өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Ескерткіш қаламгердің есімін иеленген №34 мектептің ауласында бой көтеріп, білім ордасының ажарын аша түсті. Салтанатты рәсімге Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері, екі ел Жазушылар одағының мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жазушының қызы Ақтоты Рахметоллақызы бастаған ет-жақындары келіп, қаламгер рухына тағзым етті. Жазушының бейнесін белгілі өзбек мүсіншісі Нодир Усманов бедерлеген.

Мұсабек Ақылбаев, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректордың орынбасары:

– Бүгін – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Рахметолла Райымқұловтың ескерткішінің ашылуы. Болашақта осы мектептен үлкен ғалымдар шықса екен дейміз. Атақты ақын-жазушылар шықсын. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері шыға береді деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz