Атырауда күрделі жөндеуден өткен №2 қалалық сот ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев, облыс әкімі Болат Ақшолақов, сот жүйесінің өкілдері мен сала ардагерлері қатысты. Жиында сот төрелігінің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық сенімді нығайту мәселелері сөз болды, деп хабарлайды 24KZ.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев өңірде жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді. «Судьялардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау заңдылық пен әділдік қағидаттарын насихаттап, бұқара халықтың арыз шағымын уақтылы қарауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті
Асламбек Мерғалиев, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:
– Мемлекет басшысы сот жүйесінің дамуына, сот қауымдастығының әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөледі. Өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың және Жоғарғы соттың тікелей қатысуымен көптеген ғимараттар бой көтеріп жатыр. Әрине, бұл – жай ғана ғимарат емес, әділдіктің ақ туы желбірейтін мекен. Азаматтар осында келіп, өздерінің даулары бойынша әрқашан әділ әрі заңды шешімге қол жеткізуі тиіс.
Аумағы 2 мың шаршы метрге орналасқан жаңартылған ғимаратта сот жұмысына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Өткен жазда Атырауда азаматтық істер жөніндегі мамандандырылған сот ғимараты пайдалануға берілген еді. Шарада өңір басшысы Болат Ақшолақов соттардың мәртебесін көтеру үшін жергілікті билік тарапынан қолдау жалғасатын айт.
Болат Ақшолақов, Атырау облысының әкімі:
– Бүгінгі шара – өңірде сот жүйесін дамытуға сот төрелігін жүзеге асырып, сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты ол – қоғамдық тұрақтылық, қауіпсіздік және әділеттіліктің негізі. Ол қағидатты орындауда сот жүйесінің ролі ерекше болып табылады.
Жаңарған ғимаратты аралап көрген Асламбек Амангелдіұлы өңірдегі әріптестеріне сәттілік тіледі.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов
Тегтер #24KZ #жарнама #Атырау #Жоғарғы Сот #ғимарат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz