Бұл күн 1996 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешімімен бекітілген.
Электронды сәулелердің көмегімен белгілі қашықтықта бейнелерді қабылдап, көрсетудің алғашқы эксперименттері 1920 жылдардың басында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да басталды.
1931 жылы американдық инженер Владимир Зворыкин әлі күнге дейін көптеген телевизорлардың басты бөлшегі болып табылатын катодты түтікшені ойлап тауып, ол телевизияның қарқынды дамуына жол ашты.
Отандық телеарна тарихы өткен ғасырдың ортасынан бастау алады. 1958 жылы 8 наурызда Алматы студиясы алғашқы сынақ хабарларын эфирге шығарса, сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz