RU
Толық нұсқаға өту

Елде өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талап енгізіледі

21.11.2026, 15:00 21

Тұрғын үй ауласында өрт сөндіруші техникаға арналған орын болуы керек. Ол арнайы бояумен белгіленеді. Онда көлік қоюға, қозғалысқа кедергі келтіруге қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл құтқарушылардың төтенше жағдай орнына жедел жетіп, көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа талап туралы сала министрі Мұрат Мұханов мәлімдеді. Бұл енді салынатын құрылыстарға қатысты. Бүгін ведомства басшысының бастамасымен ел аумағында «Өрт қауіпсіздігінің он күндігі» науқаны басталды. Акция аясында әкімдік қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен еріктілер үй-үйді аралап қауіпсіздік шараларын түсіндіреді. Мамандар жылу құралдары мен электр сымдарының жай-күйін тексереді.

Мұрат Мұханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

– Жаңадан қабылданған норма тек ғана жаңадан құрылысы аяқталған обьектілерге жүреді. Бірақ бұрынғы қабылданып кеткен обьектілерге біздің қызметкерлеріміз – ТЖД Астана қаласының қызметкерлері бірігіп, МИБ, ПИК бар осы жаңалықты, жаңадан шыққан норманы түсіндіру жұмыстарын енгізіп әрекет етіп, осы бүгінгі таңда арнайы өрт техникасына орын белгіледік.

Жылу маусымы басталғалы құтқарушылар әлеуметтік аз қамтылған 93 мыңнан астам отбасыны аралап, 258 мың адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дегенмен қауіп сейілмей тұр. Күн суытқалы тұрғын үйлерде 787 өрт тіркелді. Салдарынан 33 адам мерт болды. Оның төртеуі бала. Тағы 27 адам жарақат алған. Ал 28 адам уланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz