RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Temps Lié» халықаралық балет фестивалі өтіп жатыр

21.11.2026, 21:00 7

Елордада кәсіби хореографиялық оқу орындарының төртінші халықаралық фестивалі жалғасып жатыр. Бүгін өнер майталмандары БАҚ өкілдерімен кездесіп, хореографиялық білім беруді дамыту, классикалық балет дәстүрін сақтау және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24KZ.

Биыл бұл мәдени шара Қазақ ұлттық хореография академиясының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Үш күнге жалғасатын фестивалге Қазақстан, Қытай, Ресей, Бразилия, Венгрия және Моңғолия балет мектептері мен академияларының өкілдері қатысты. Бағдарлама аясында шетелдік өнер ұжымдарының гала-концерті өтті. Жұрт әлемнің жетекші балет мектептері мен академияларының үздік қойылымдарын тамашалады. Фестивалдің қорытынды концерті ертең «Астана балет» театрының сахнасында өтеді. «Академия түлектерінің шоқжұлдызы» атты кеште әр жылдары оқу орнын бітірген бишілер өнер көрсетеді.

Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры:

- Біздің фестиваліміз биыл төртінші рет өтіп жатыр. Жылдан-жылға қатысушыларымыздың саны артып, фестивальге қатысатын елдер қатары да кеңейіп келеді. Бұл фестиваль – жай ғана өнер додасы емес. Ең бастысы, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін алаң. Сонымен қатар негізгі мақсатымыз – Қазақстан хореографиясының деңгейін таныту, ұлттық хореографиялық мектебіміз бен дәстүрлерімізді көрсету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz