RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

Атырауда есірткілік масаң күйдегі жүргізушіге қатаң жаза қолданылды

22.11.2026, 16:35 33

Атырауда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Масаң күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін үлкен қауіп, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атырау қаласында өткен аптада масаң күйде көлік басқарудың 8 дерегі анықталды. Мәселен, 21 қараша күні сағат 13:20 шамасында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері Нұрсая ықшам ауданында Toyota Hilux автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру нәтижесінде 28 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Сот шешімімен аталған жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, көлік басқару құқығынан айырылған тағы екі азамат анықталып, оларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Үш автокөлік арнайы тұраққа қойылып, іс материалдары мамандандырылған сотқа жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz