RU
Толық нұсқаға өту

7 жылда ішкі туризм 63,8% өсті

23.11.2026, 14:22 16

Елде 7 жылда ішкі туризм 84,4% өсті.

Бұған туристік инфрақұрылымның дамуы ықпал етті. 2021 жылы курорттық аймақтарда 3686 орналастыру орыны болса, 2022 жылы олар 3 970-ке жетті. Қонақүйлер мен санаторийлердің саны жыл сайын артып, былтыр туристерді орналастыру нысандары 4 жарым мыңға жуықтады. Өңірлердегі демалыс базаларында инфрақұрылымның жақсаруы саяхатшыларды қабылдау мүмкіндіктерін арттырып қоймай, демалыс түрлерін де әртараптандырды. 2021 жылдан 2025 жылға дейін отандық туристік аймақтардағы орналастыру нысандарының қатары 20%-ға артты.

Туристерді орналастыру орындары

20% өсім

2021 жыл - 3  686 нысан

2022 жыл – 3  970 нысан

2023 жыл – 3  992 нысан

2024 жыл - 4  303 нысан

2025 жыл - 4 482 нысан

2030 жылға дейін туризм саласында құны ₸ 972,8 млрд 221 жоба іске асырылады

Сондай-ақ туризм саласында қомақты инвестиция салынатын жобалар тізбегі кеңейтілді. 2030 жылға дейін жалпы құны 972,8 млрд теңге болатын 221 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде курорттық аймақтарда жаңа демалыс орындары бой көтеріп, ойын-сауық нысандары көбейеді. Айта кетейік, елде 2022 жылдан бері туристік инфрақұрылым құрылысын ынталандыру және кәсіпкерлерді қолдау бағытында 7 түрлі қолдау шарасы жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы Қазақстанның Даму Банкі арқылы туристік жобаларды 7%-дық жеңілдетілген мөлшерлемемен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында қаржыландыруға жалпы 150 млрд теңге қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz