RU
Толық нұсқаға өту

«Қызылорда – Жезқазған» тас жолын жөндеу жұмыстары аяқталды

23.11.2026, 15:25 68

Осылайша, еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерін байланыстыратын бағыт бойынша жол жүру уақыты екі есе қысқарып, бүгін Ұлытау облысы аумағындағы 208 шақырымға созылған соңғы учаскесінде көлік қозғалысы ашылды.

Президент тапсырмасымен жүзеге асқан жоба аясында 4 млн текше метрге жуық топырақ, 1 млн тонна құм мен қиыршықтас қоспасы, сондай-ақ 650 мың тонна ұсақталған тас пен құм қоспасы қолданылып, 1 жарым млн тоннаға тарта асфальтбетон төселді. Сәйкесінше, төрт көпір 80-ге жуық су өткізу құбыры мен мал айдап өтуге арналған 18 өткел салынды. Құрылыс жұмыстарына мыңнан астам маман мен 800 техника тартылған. Бұған дейін аталмыш жолдың сапасы сын көтермей, ұзақ жылдар бойы күрмеулі көлік бағыттарының бірі болған еді. Енді оның қайта жаңғыруы өңірлер арасындағы қатынасты жақсартып, жол қауіпсіздігін арттырып, жолаушылар мен жүк тасымалының дамуына тың серпін бермек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz