RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан шахматтан әлем чемпионатын ұйымдастыруға атсалысты

23.11.2026, 22:50 29

Қазақстан Женевадағы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты ұйымдастыруға атсалысты. Бүгін іс-шараның ресми ашылу салтанаты мен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды 24KZ.

БАҚ өкілдерімен кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы штаб-пәтері – Ұлттар сарайында болды. Жиынға арналған Қазақстан залының тарихы да ерекше. Оны 2013 жылы сол кезде ұйымның Женевадағы бөлімшесін басқарған Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан. Қазақстан Президентінің қолдауының арқасында әлем чемпионатын Женевада өткізу туралы шешім қабылданды. Әлем чемпионы атағына қазіргі чемпион Үндістан өкілі Гукеш Доммараджу мен Өзбекстан шахматшысы Жавохир Синдаров таласады. Екеуі де 20 жаста. Матч 14 партиядан тұрады. Алғашқы ойын 24-ші қарашада өтеді. Жүлде қоры – 2 жарым млн доллар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz