Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу ұйымы қызметін қысқартады. Бас директорының айтуынша, агенттікке қаржы жетіспейді. Ұйымның басты серіктесі АҚШ беруге тиіс ақшаны аудармаған. Қорға тек жалпы қаржының 20 пайызы ғана түскен, деп хабарлайды 24KZ.
Ұйым осы себепті Сириядағы жұмысын жалғастыра алмайды. Айта кетейік, Башар Асад қызметінен кеткен кезде бұл елден химиялық қару қоры табылған. Енді мұны тексеру және жою жұмысы кейінге қалып тұр. «Бұл – аса қауіпті жағдай», – дейді сарапшылар.
Тегтер #қаржы #АҚШ #қару #Башар Асад #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz