Елде құс етімен ішкі нарықты қамту деңгейі 58-ден 78 пайызға дейін өсті. Кейінгі 5 жылда құс шаруашылығын қарқынды дамытуға көңіл бөлінді. Әлеуетті ілгерілету үшін ірі инвестициялық жобалар қолға алынып жатыр. Осы арқылы импортқа тәуелділік төмендеп, экспорттық мүмкіндіктер кеңеймек, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір 70 құс фабрикасы жұмыс істейді. Оның 33-і ақ ет өндірумен айналысады. Жалпы жылдық қуаты – 510 мың тонна. Алдағы уақытта жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге мүмкіндік беретін қосымша өндіріс орындары іске қосылады. Бұл бастамалар ішкі нарықтағы отандық құс етінің үлесін арттырып, экспортты ұлғайтады. Биыл етті бағыттағы құс шаруашылықтарына 28 млрд теңге субсидия бөлінді. Айта кеткен жөн, жұмыртқа өндірісі бойынша ішкі қажеттілік толық өтелген.
Тегтер #құс еті #нарық #құс фабрикасы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz