RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда 19 жастағы ақын Отан алдындағы борышын өтеп жүр

24.11.2026, 11:44 76

Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде 19 жастағы ақын жігіт Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Талдықорған облысының тумасы Серік Асхатұлы бүгінге дейін 200-ге жуық өлең жазған, деп хабарлайды 24KZ.

Серік бала кезінен әдебиетке жақын. Мектептен кейін журналистика мамандығы бойынша оқуға түсіп, білім алды. Студенттік шағында курстастарымен бірге «Шамшырақ» атты театр ашуға да атсалысқан. Өнерге деген қызығушылығы оның шығармашылық ізденісіне жол ашты. Жас ақынның өлеңдерінде философиялық ойлар, өмір, сезім мен адам болмысына қатысты сауалдар жиі кездеседі. Бүгінде Серік Түркістан қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет атқарады.

Серік Асхатұлы, 5574 әскери бөлімінің сарбазы:

- Егер осы жаққа келетін болсам, өзімнің өнерімді сәл кідіртіп аламын деп ойладым. Керісінше, қасымда неше түрлі, өзіммен бірге «елім» десе еңіреп, етігімен су кешіп, отқа түссем деген балалар да жүр. Солармен бірге өзімнің абыройлы міндетімді атқарып, осы киелі Түркістандай жерде ертеңгісін аралап, шабыт жинап, одан әрі өнерімді дамытамын деп ойлаймын. Әскерге келу – міндет, абырой және мақтаныш.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz