Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген субсидия қолды болды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам залал келген. Бұл жаңбырлатып суару техникасын сатып алуға бөлінген қаражат. Осы іске қатысы бар күдікті өз иелігіндегі компаниялар арқылы заңсыз жүйе ұйымдастырған. Құжат бойынша 81 техника сатып алынды деп көрсетілген. Ал іс жүзінде оның 37-сі жеткізілмеген. Соған қарамастан құжатта барлық міндеттеме орындалды деп жазылған. Ал бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шотына аударылған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті субсидияларды жымқыру схемасын ұйымдастырып, техника жеткізуші, лизинг беруші және мемлекеттік қолдау алушы ретінде әрекет еткен коммерциялық ұйымдарды өз бақылауына алған. Лизинг беруші ретінде күдіктінің бақылауындағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы әрекет еткен. Бюджет қаражаты осы ұйымның арнайы шотына аударылған. Міндеттемелердің толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген қабылдау-тапсыру актілері рәсімделген. Кейін бюджет қаражаты күдіктінің бақылауындағы ұйымдардың шоттарына аударылған. Нәтижесінде мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.
Тегтер #Түркістан облысы #субсидия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz