Қазақстандықтардың 93%-ы елдің даму бағытына оң баға берді.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама осындай нәтиже көрсетті. Зерттеуге ел бойынша 8 мың адам қатысқан. Азаматтар қоғамдық бірлік пен заң үстемдігін нығайту, сондай-ақ мәдениет, білім және ғылым салаларын ілгерілету бағытындағы мемлекеттік шараларға жоғары баға берген. Және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асуын белсенді қолдайды.
Тегтер #Тәуелсіздікке 35 жыл #қазақстандықтар #24KZ #ҚСЗИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz