RU
Толық нұсқаға өту
Сурет ЖИ көмегімен жасалған

Алты облыста жүргізушілерге ескерту жасалды

25.11.2026, 09:31 30

25 қарашада Қазақстанның алты облысында ауа райы қолайсыз болады. Абай, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар түсуі мүмкін. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы ықтимал. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ескертті, деп хабарлайды «24KZ». .

Ұлттық компания жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауды және күрт маневр жасамауды ұсынады.

Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz