Елде обыр жасушаларын химиотерапия арқылы емдеудің жаңа тәсілі зерттеліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Ұлттық ғылыми онкология орталығының (ҰҒОО) мамандары Назарбаев Университетімен бірлесіп болашақта қуық обыры бар 60 пациентті бақылайды. Аурудың ерекшеліктерін зерттеу үшін қазақстандық мамандар науқастардың ісік тіндері мен несеп үлгілерінің негізінде үш өлшемді жасушалық модельдер жасауға мүмкіндік беретін заманауи зертханалық технологияларды қолданады. Мұндай технологиялар ғалымдарға обыр жасушаларының дәрі-дәрмектерге реакциясын бақылауға және ісіктің емдеуге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің назары ісік жасушаларының қорғаныс механизмдерін қалыптастыратын ақуыздар тобын бұғаттауды көздейді.
Тегтер #24KZ #обыр #зерттеу жұмыстары #химиотерапияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz