«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков уақытша тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды 24KZ.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Омарбековпен бірге тағы бірнеше адам ұсталған. Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан олардың «Қазатомөнеркәсіптегі» қызметтік міндеттемелерін компания басшылығы өзара бөлісіп, атқаратын болды. Ал ұлттық компания өндірістік және коммерциялық командалар жұмысын бұрынғыдай жалғастыратынын мәлімдеді.
Тегтер #24KZ #ҰҚК #Қазатомөнеркәсіп #Самұрық Қазына #тергеу изоляторы #Таңдаулы #сыбайлас жемқорлықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz