Қазына қаржысын қарпығандар Түркістан облысының Қазығұрт ауданында да табылды. Онда орталық аурухананың бас дәрігері 8 жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ.
Ол медициналық жабдық сатып алу кезінде кәсіпкермен сыбайласып, жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Қылмыстық жолмен иеленген қаражаттың бір бөлігіне жылжымайтын мүлік сатып алып, туысының атына рәсімдеген. Тергеу барысында бұрынғы бас дәрігер мемлекетке 117 млн теңге шығын келтіргені белгілі болды. Сот оның елордадағы пәтері мен екі көлігін тәркіледі. Сыбайласқан кәсіпкер де 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тегтер #24KZ #сыбайлас жемқорлық #Түркістан облысы #Қазығұрт #дәрігерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz