Астанада WorldSkills Kazakhstan 11-ші халықаралық чемпионаты басталды. Кәсіптік колледждер арасындағы жарыс қарашаның 28-не дейін EXPO алаңында өтеді. Оған барлық өңірден 800-ден астам колледж студенті қатыспақ, деп хабарлайды 24KZ.
Түрлі құзырет бойынша мыңға жуық сарапшы олардың кәсіптік дағдыларына баға беретін болады. Чемпионатқа колледжермен тығыз байланыс орнатқан компаниялар да қызығушылық танытып отыр. Олар осындай жарыстарда көзге түскен қарым-қабілеті жоғары жас мамандарды жұмысқа тартуға ниетті. WorldSkills чемпионатының қорытындысы 30 қараша күні жария болады.
Ақзира Қасымова, ҚР ОАМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры:
– Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жыл сайын 30 құзыреттілік бойынша өткізілсе, биыл олардың саны 44-ке жетіп отыр. Жұмыс берушілердің қызығушылығы жоғары болғаны соншалық, демеушілік көмек көрсету арқылы құзыреттіліктер санын 44-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер, қазіргі заман бұрынғыдай емес. Қазір – цифрлық дәуір, технология кеңінен дамып келеді. Сондықтан цифрландыру мен жасанды интеллект биылғы тапсырмаларымызда кеңінен қолданылатын болады.
Тегтер #Астана #WorldSkills Kazakhstan #халықаралық чемпионатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz