Астана – Атырау бағытындағы №47/48 жолаушылар пойызы 9 вагонмен толықты. Жаңа вагондарда жолаушыларға арналған 96 орын қарастырылған. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Оның ішінде купе вагондарында 40, ал плацкарт вагондарында 56 орын бар.
Жаңа вагондар заманауи жабдықтармен қамтылған. Атап айтқанда, климатты реттеу жүйесі, жеке жарықтандыру шамдары, 220 В розеткалары, бейнебақылау жүйесі және жүк орналастыруға арналған арнайы орындар қарастырылған.
Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың жайлылығына да көңіл бөлінген. Бұдан бөлек, әйелдерге арналған арнайы вагон да бар.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Атырау облысы #StadlerPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz