RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ерекше қажеттілігі бар жандарға оқу-жаттығу өткізілді

25.11.2026, 19:23 15

Төтенше жағдай кезінде әр адамның қауіпсіздігі маңызды. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтарды ғимараттан дер кезінде шығару оңай шаруа емес. Осыны ескерген Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған оқу-жаттығу өткізді. Мәселен, «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығының 200-ге тарта тұрғыны бар, деп хабарлайды 24KZ.

Қоларбамен немесе сүйемелдеумен жүретін адамдарға шұғыл көмек керек. Олар күндіз-түні осында. «Қауіпсіздік – әрбір адамға қолжетімді» ақпараттық оқыту іс-шарасы өрт қауіпсіздігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Апатты жағдайда қалай әрекет ету жарық пен дыбыс, ым-ишаралар арқылы көрсетілді.

Константин Канин, Алматы қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

– Мұндай әлеуметтік нысандарда төтенше жағдай кезінде қиындықтар болады. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлеміз. Арнайы техника арқылы адамдарды терезеден түсіріп, эвакуация жасадық. Сурдоаудармасы бар бейнероликтер көрсетілді. Есту мен көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған сурдоаудармасы бар материалдар мен Брайль қарпіндегі жадынамалар тараттық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz