Қазақстанда соңғы жеті жылда 1300-ден астам мектеп, 1483 балабақша, 1259 медициналық мекеме және 536 спорт пен мәдениет нысаны салынды. Бұл туралы бүгінгі Құрылтай отырысында айтылды, деп хабарлайды 24KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жариялаған «Халықтық құрылыс» бастамасы елдің инфрақұрылымын дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Құрылтай депутаты Диқан Қамзабекұлының айтуынша, Тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында қолға алынған бұл бастама қоғамның бірлігін нығайтып, елдің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Президент жариялаған «Құрылыс және тағы да құрылыс» халықтық бастамасын нақты іспен қолдау – әрбір азаматтың абыройлы міндеті.
Диқан Қамзабекұлы, ҚР Құрылтайының депутаты:
– Мұны 35 жылдық белес аясында басталған тегеурінді, ауқымды жоба деп айта аламыз. Халық игілігіне арналған жүздеген әлеуметтік, ал ауыл-аймақтарда мыңдаған инфрақұрылымдық нысандар салынып, баршаның пайдалануына берілді. Әділеттіліктің жалпыұлттық құрылысы осы күнге өнеге, келешекке мақтаныш болады деп сенеміз.
Тегтер #Тәуелсіздікке 35 жыл #жеті жылдағы жетістік #нысан #құрылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz