RU
Толық нұсқаға өту
фото: gov.kz

Қазақстанда үш күнде 188 қару мен сегіз граната тәркіленді

26.11.2026, 10:52 34

20-22 қараша аралығында еліміздің барлық өңірінде полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 188 атыс қаруын, 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз гранатаны тәркіледі, деп хабарлайды 24KZ ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Тәркіленген қарудың 17-сі – ойық ұңғылы, 125-і – тегіс ұңғылы, ал 46-сы өзге де қару түрлеріне жатады.

Мысалы, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемал.

Жыл басынан бері Қазақстанда заңсыз айналымнан әртүрлі 2 200-ден астам қару тәркіленді. Оның ішінде 190-ы – криминалдық қару. Олардың 162-сі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz