Мемлекетке қайтарылған 270 активтің 190-ы сатылды. Сауда-саттықтан 61 млрд теңгеге жуық қаражат түсіп, оның 59 млрд теңгесі Арнаулы мемлекеттік қорға аударылған. Қазір қайтарылған мүліктердің жалпы бағалау құны 101 млрд теңгеге жуық. Бұл туралы «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қуанышбек Мұқаш 24KZ телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Қайтарылған активтерді басқарудағы басты міндет – мүлікті сақтап, бағалап, сатуға шығару. Сатылғанға дейін нысандар компанияның басқаруында болады. Кейбірі жалға беріліп, одан түскен табыс та арнайы қорға аударылады.
Біздің бірінші мақсатымыз – мемлекетке қайтарылған активтерді қабылдау, одан кейін сақтау. Ғимарат немесе бизнес нысаны болса, күзетін ұйымдастырамыз. Пәтер болса, оның жағдайын тексеріп, бағалау жүргіземіз. Одан кейін сатуға дайындап, аукционға шығарамыз, – деді Қуанышбек Мұқаш.
Қайтарылған мүліктің бір бөлігі мемлекеттік мекемелердің қажеттілігіне де беріледі. Бұл жаңа ғимарат салуға бюджеттен қаржы бөлмей, қолда бар нысандарды пайдалануға мүмкіндік береді. Ал сатудан түскен қаражат әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
Қазір қайтарылған активтер есебінен елімізде 500-ге жуық әлеуметтік нысан салынып жатыр. Оның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, ауызсу жүйелері және басқа да инфрақұрылымдық нысандар бар. Кейбірі пайдалануға беріліп, халық игілігіне қызмет ете бастаған.
Қайтарылған активтерді жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да сатып ала алады. Сауда «Е-қазына» электрондық платформасында ашық түрде өткізіледі. Алайда кейбір мүлік бірнеше рет аукционға шығарылса да, сатып алушы табылмай жатады. Мұндай жағдайда бағаны төмендету тетігі қолданылады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #әлеуметтік нысандар #қайтарылған активтер #е қазынаБіздің ережеге сәйкес, актив бастапқы бағамен сатылмаса, 15%, кейін 30%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Кейбір азаматтар осы жеңілдікті күтуі мүмкін. Қазір зергерлік бұйымдардың шамамен 60%-ын саттық. Қалған мүлікке де сатып алушы табылып, сауда жалғасады, – деді компания басшысы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz