Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың «China Wuhuan Engineering» және «ҚазАзот» компанияларының басшыларымен кездесуінде айтылды. Жоба шеңберінде жылына 660 мың тонна аммиак, 577 мың тоннадан астам карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Кешен іске қосылса, минералды тыңайтқыштар импорты азайып, отандық өндіріс пен химия өнімдерінің экспорты артады. Бұдан бөлек, «Саутс-Ойл» және ADIB Holdings қаржы тобының өкілдерімен көмірсутектерді игеру мәселесі талқыланды. Қазір көпсатылы гидравликалық жару әдісімен екі көлденең ұңғыма бұрғыланды. Жалпы он ұңғыма салу көзделген. Нұрлыбек Нәлібаев өз кезегінде Үкімет қолданыстағы заңнама аясында инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Тегтер #Маңғыстау #аммиак #карбамид #кешенPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz