RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астанада полиция шақыруға арналған 40 «SOS» батырмасы жұмыс істейді

27.11.2026, 11:54 24

Астана қаласында полиция шақыруға арналған 40 арнайы «SOS» батырмасы орнатылған. Жыл басынан бері осы құрылғылар арқылы 31 өтініш тіркеліп, әрқайсысы бойынша азаматтарға қажетті көмек көрсетілді, деп хабарлайды «24KZ» Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Арнайы батырмалар тұрғындар мен қала қонақтары көп жиналатын қоғамдық орындарда орналасқан. Құрылғы арқылы түскен сигнал автоматты түрде Жедел басқару орталығына жіберіледі. Диспетчерлер оқиға орнына жақын патрульдік полиция экипажын бағыттайды.
Өтініштердің бірі қараусыз қалған чемоданға қатысты болған. Ер адам күмән тудырған жүкті байқап, «SOS» батырмасын басқан. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, чемоданның иесін анықтады. Кейін жеке зат иесіне қайтарылды.
Полиция азаматтарды шұғыл көмек қажет болған жағдайда арнайы батырмаларды пайдалануға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz