Елде 7 жылда жалпы ұзындығы 36,3 мың шақырым автомобиль жолы жаңарды. Басым бөлігі жаңадан салынып, қалғаны қайта жаңғыртудан өтті. Соның нәтижесінде төрт жолақты жолдардың ұзындығы 4 мың 400 шақырымға дейін жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.
6 мың шақырым ақылы авто-магистральдардың күтімі жақсарып, жол бойындағы сервистік инфрақұрылым жетіле түсті. Бүгінде ел аумағында 412 қызмет көрсету нысаны салынды. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда жеті жылда 20 мың шақырымға жуық жол жақсарып, өңірлер арасындағы жол жүру уақытын қысқартты әрі көлік қатынасына қарқын берді. Атап айтқанда, Түркістан облысында ұзындығы 840 метр болатын тоннель 2024 жылы ашылды. Ауқымды жоба республикадағы ең алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі саналады. Ол қыс мезгілінде жүргізушілердің асуда қар құрсауында қалу қаупін азайтып, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырды. Шамалған станциясын айналып өтетін 6 шақырымдық жол, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір де 2024 жылы пайдалануға берілді. Құрылысы былтыр аяқталған ірі жобалар қатарында: Ұзынағаш – Отар, Қалбатау – Майқапшағай, Подстепное – Федоров, Күрті – Қонаев, Қызылорда – Жезқазған тас жолдары бар. 2019-2025 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 9 мың шақырымында жөндеу жұмыстары жүрді.
Тегтер #автомобиль #жүргізушілер #құрылыс #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz