RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді

27.11.2026, 13:33 39

Ақмола облысында кейінгі жеті жылда 5 мың 700 шақырым жол жөнделді. Оның мың шақырымға жуығы - республикалық, қалғаны облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Мамандар ең бастысы санға емес, сапаға көңіл бөлгендерін айтады. Сондай-ақ туристер көп қатынайтын курортты өлкенің жолдары да жаңартылды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл - Көкшетау-Зеренді бағытындағы тас жол. Мұнда көлік қарасы бір үзілген емес. Осыған дейін жол тар болып жүргізушілерге бірақ қиындық тудыратын. Биыл облыс орталығы мен курортты аймақтың арасындағы 47 шақырым жол үш жолаққа кеңейтіліп, толығымен жаңартылды.

Рүстем Әбілов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы директорының орынбасары:

– Щучинск-Зеренді бағытындағы жолға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ұзындығы – 77 шақырым. Қос курортты байланыстыратын жолда көлік ағыны көп. Сондай-ақ елорда маңында айналама жолды жаңадан салдық. Жалпы жолдарды жаңарту аясында біз бірнеше елді мекендегі көпірлерді қалыпқа келтірдік. Жолдарды жарықтандыру жұмыстары да жүргізіліп, бағдаршамдар қойылды.

Жеті жылда жергілікті жолдар да біраз жақсарып қалды. Мәселен, облыстық және аудандық маңызға ие 5626 шақырымның 4700-і қалыпқа келтірілді. «Оның басым бөлігі жылдар бойы жөндеу көрмеген ауыл аймақтың жолдары», – дейді мамандар

Жұмабек Хайролла, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда жолдың қанағат жағдайы 87 пайызды құрайды. Жеті жылдың ішінде сол деңгейге жеттік. Негізі 65 пайыз болған. Алдыңғы жоспарда ең үлкен жобамыз - «Ерейментау – Еркіншілік – Аршалы». Жалпы ұзындығы – 120 шақырым.

Жалпы республика бойынша соңғы жеті жылда жөнделген және жаңадан салынған жолдардың ұзындығы 36 мың шақырымнан асады. Тек осы жылдың өзінде 11 мың шақырымнан аса автомобиль жолы жаңартылды.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz