RU
Толық нұсқаға өту

«Таза Қазақстан» акциясына жыл басынан 1 млн адам қатысты

27.11.2026, 15:25 38

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының қорытынды сенбілігіне 21 мың астам адам қатысты. 338 гектар аумақ тазартылып, 300 тоннадай қоқыс жиналды. 240 тонна пластик, шыны, қағаз, резеңке мен металл қалдықтары қайта өңдеуге жіберілді. Өңірде биыл 41 жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Жыл бойы жалғасқан тазалық шарасына бір миллионға жуық адам жұмылдырылды. Экологиялық іс-шаралар кезінде 14 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 22 мың тонна қоқыс шығарылды. Көктем шыға сенбіліктер қайта жалғасып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды 24KZ.

Алина Түсіпбаева, Алматы облыстық ТҮКШ және Абаттандыру басқармасының бөлім басшысы:

– Өңірде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында алаңдар мен көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар өңірлік жоспарға сәйкес ағаш отырғызу жұмыстары да қолға алынған.

Жоспарға сәйкес қараша айының соңына дейін барлық сенбілікті өткізу көзделген. Бүгін – соңғы сенбілік. 

Ханзат Серікбай, Қонаев қаласының тұрғыны:

– Бүгінгі таңда жыл басынан бері көптеген сенбілік өтті. Барлығы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Біз апта сайын қатысып келеміз. Қаладағы өзгерістерді өз көзіммен байқап жүрмін. Сенбіліктер қаланың көркеюі мен тазалығына үлкен үлес қосып жатыр деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz