Ғаламтор балалар үшін білім мен ақпарат көзі ғана емес, онда түрлі қауіп те бар.
Цифрлық орта дамыған заманда кибербуллинг, зиянды ақпарат пен алаяқтықтың алдын алуға аса мән берген жөн. Осы тақырыптар Алматыда өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға арқау болды. Педагогтердің айтуынша, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға болады. Атап айтқанда, ол қауіпті ерте анықтап, дер кезінде балаға қолдау көрсетуге көмектеседі. Бірақ технология педагог пен психолог орнын баса алмайды. Конференцияға еліміздің барлық өңірінен келген 120-ға жуық педагог пен психолог қатысты. Ал мыңнан аса маман онлайн қосылды.
Салтанат Ахметова, "Өркен" ұлттық ғылыми практикалық институтының бірінші вице-президенті:
- Ешқандай маманды жасанды интеллект алмастыра алмайды. Ол тек қана олардың жұмысын күшейтетін тетік болып табылады деп айтқым келеді. Осы орайда біздің «Өркен» ұлттық институтында көптеген кешенді жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтып кетсем балалардың арасында жүретін әлімжеттік алдын алуға бағытталған «ДосболLike» бағдарламасы бар.
Тегтер #мұғалім #психолог #бала #24KZ #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz