RU
Толық нұсқаға өту

Күршімдік шеберлер ұлттық қолөнер дәстүрін жаңғыртып жүр

28.11.2026, 10:10 25

Ине ұстап, киім тігу. Текемет басып, сырмақ сыру. Ғасырлардан жеткен осындай қолөнер дәстүрі сандық технологиялар заманында да ұмыт қалмауы тиіс. Күршімдік шеберлердің ұстанымы – осы, деп хабарлайды 24KZ.

Олар ұлттық мұраны жаңғыртып, дәстүрлі өнерді дәріптеп жүр. Бірі этностильдегі киімдер тіксе, енді бірі ұлттық нақыштағы тұрмыстық бұйымдар жасап, көпшіліктің ықыласына бөленуде.

Алдағы жоспарлары да ауқымды. Шеберлер үлкен қолөнер цехын ашып, ауданның қыз-келіншектерін ісмерлікке баулуды көздейді. Осылайша, ата кәсіптің аясын кеңейтіп, ұлттық өнердің келер ұрпаққа жалғасуына үлес қоспақ. Тілшіміз Эльмира Ахметова он саусағынан өнер тамған шеберлермен жүздесіп қайтты.

Жангүл Әмзеқызы жұмыстан кейінгі уақытын қолөнерге арнайды. «Іс тіксем шаршағаным басылып, ойым сергиді», – дейді ол. Айтуынша, бес жасынан бастап ине-жіптен қол үзбепті. Бала күнгі қызығушылығы енді кәсіпке ұласты. Алаша, терме, сырмақтың түр-түрін тоқиды. Тіпті кәдесый жасап, ойыншыққа дейін тігеді.

Жангүл Әмзеқызы, қолөнер шебері:

– Жиі өтіп кететін заттар сол сырмақ. Одан кейін жұмсақ жастықтар міне неше түрлі. Доптар мынандай, ойыншықтар. Осылар жақсы өтеді. Білмейтіндер көп, мысалы. Қазір көбіміз мысалы ақша бар, ешкім істегісі келмейді, дайын дүниені сатып ала салады. Сол мен адамдардың қызығушылығын оятып, өзім үйреткім келеді.

– Жиі өтетін заттар – сырмақ. Одан кейін түрлі жұмсақ жастықтар. Доптар, мынандай ойыншықтар да жақсы өтеді. Білмейтіндер көп. Қазір көбімізде ақша бар, бірақ ешкім қолмен жасағысы келмейді. Дайын дүниені сатып ала салады. Сондықтан адамдардың қызығушылығын оятып, өзім үйреткім келеді.

«Шаруама жолдасым да көмектесіп, қолдап келеді», – дейді шебер. Қазір мемлекеттік көмекпен 2,5 пайыздыө несие алып, станоктар сатып алған. Өнімнің сапасына ерекше мән беріледі. Мына көздің жауын алатын төсеніштер мен текеметтерге тек меринос қойдың жүні қолданылады.

Жангүл тұрмысқа сән беріп жүрсе, Эльмира Томағанова шүберекке әр беріп, этно үлгідегі киім тігеді. Сырмалы шапан, күртеше, жейделердің дизайнын өзі жасайды. «Тарихшыдан тігіншіге айналам деп ойламаппын», – дейді ол.

Эльмира Томағанова, тігінші:

– Тарих енді өзімнің алған мамандығым. Ал бірақ ойлаймын, не нәрсе өмірде текке емес пе деп. Осы тарихтағы білімімді мына қолөнермен ұштастырып, біріктіріп, өзі бір туындылар шығып жатыр. Әлі де мен, қалай айтсам, даму жолындамын. «Сондықтан өзімде, мысалы үшін, анандай көрсетілім», – дейді, показ, сондайларға барғым келеді.

– Тарих – өзімнің алған мамандығым. Бірақ өмірде еш нәрсе текке кетпейді деп ойлаймын. Тарихтан алған білімімді қолөнермен ұштастырып, біріктіріп, түрлі туындылар жасап жатырмын. Әлі де даму жолындамын. Сондықтан мен түрлі көрмелерге, көрсетілімдерге қатысқым келеді.

Тігінші Күршімнің тау-тасындағы петроглифтерді қоса насихаттап, киім-кешекке бедерлеп жүр. Әзірге ауылдағы шеберлер облыстық көрмелерге ғана белсене қатысады. Жұртшылық этно-туындыларға ерекше баға беруде.

Ләззат Қанатқызы, Өскемен қаласының тұрғыны:

– Этноәшекейлер, этношапандар, этнокиімдердің сәнге шығып жатқаны қуантады және оны шеберлердің көпшілікке шығаруына көп мүмкіндіктер берілсе деп ойлаймын. Себебі адамда телефон арқылы тапсырыс беру ол мүлдем бөлек, ал көзбен көріп, қолмен ұстап, киіп көрген ол мүлдем бөлек.

– Этноәшекейлердің, этношапандар мен этнокиімдердің сәнге шығып жатқаны қуантады. Шеберлердің өз туындыларын көпшілікке таныстыруына көбірек мүмкіндік берілсе деп ойлаймын. Себебі телефон арқылы тапсырыс беру бір бөлек, ал бұйымды көзбен көріп, қолмен ұстап, киіп көру бір бөлек.

Ісмерлер болашақта ауылдан үлкен қолөнер цехын ашып, қыз-келіншектерді осы кәсіпке тартуды армандайды. Бұл ұлттық өнердің сабақтастығын сақтап, оны келер ұрпаққа аманаттауға жол ашады деген сенімде.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz