Әлемнің бірінші ракеткасы тарихи 2026 жылғы маусымды сәтті аяқтап, Алматыға келді. Әуежайда спортшыны жанкүйерлер мен жас теннисшілер ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды 24KZ ҚТФ баспасөз қызметі сілтеме жасап.
Сапар аясында Елена жас спортшыларға арнап шеберлік сабағын өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Биылғы маусымның басты жетістіктері:
- Жыл бойы 54 жеңіске жетіп, 4 ірі титул иеленді;
- Australian Open және US Open «Үлкен дулыға» турнирлерінің жеңімпазы атанды;
- WTA әлемдік рейтингінде 1-орынға көтеріліп, жылды көшбасшы ретінде аяқтаған Қазақстан тарихындағы тұңғыш теннисші болды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz