RU
Толық нұсқаға өту

Астанада 446 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

29.11.2026, 07:31 31

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде сайлау учаскелері ала таңнан түн ортасына дейін үздіксіз жұмыс істейді.

Осының бәрі отандастарымыздың ешқандай кедергісіз өз азаматтық позициясын білдіріп, өзі таңдаған кандидатқа дауысын беруі үшін жасалған. Сондай-ақ учаскелерге баруға мүмкіндігі жоқ азаматтардың да таңдау жасауына жағдай жасалған.

Астана мәслихат сайлауына сақадай сай. Бүгінде қала бойынша 446 учаске жұмыс істеп тұр. Олар таңғы жетіден бастап сайлаушыларға өз есігін айқара ашты. Алғашқы тұрғындар да өз дауысын беріп үлгіріп жатыр. 

Бейсембай Жұмабеков, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 35-і уақытша учаскелерден. Сол уақытша учаскелерден сағат алтыдан бастаған бізде осы Астана қаласы бойынша үш әскери бөлім бастап, жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал қалған 411 учаске бүгін сағат жетіде жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні барлық учаскелік комиссиялардың барлығында жағдай жасалған. 

Сайлау учаскелерінде азаматтардың барлық санатына, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмайтын азаматтар өз тұрған жерінде дауыс бере алады. 

Бейсембай Жұмабеков, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бүгінгі күні Астана қаласында ол кісілерге әдейі, арнайы машиналардың барлығы бүгін қамтамасыз етілген. Сурдоаударма, диспечерскаялардың барлығы жұмыстарын жасап тұр. Ал енді бүгінгі күні Астана қаласында  1 млн 31 мың 724 азамат құқығы бар дауыс беруге. Ал енді сол кісілер барлығы келіп дауыс беруге мүмкіншілігі бар. 

Айта кетейік. Бүгін, яғни 29 қараша күні қоғамдық көлікпен тегін қатынауға мүмкіндік берілген. Бұл шара тұрғындардың емін-еркін жетуіне жағдай жасап, сайлау учаскелеріне баруын барынша қолайлы ету үшін жасалып отыр.

Авторы Серік Селеубайұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz