RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. LIVE

29.11.2026, 09:15 20

Алматы қаласында да дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес өтуде.

Қала бойынша  670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 

- Алматылықтардың белсенділігі қалай? Өзіңіз таңдау жасап үлгірдіңіз бе?

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Біз қазір №114 сайлау учаскесінде тұрмыз. Жалпы қалада сайлау учаскелері таңғы 07:00-де ашылып, тұрғындар дауыс беруді бастады. Сайлаушылар тізіміне 1 миллион 355 мыңнан астам азамат енгізілген. Ал сайлау комиссияларының құрамында 4826 адам жұмыс істеп жатыр. Биыл бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына 63 кандидат тіркелген. Сонымен қатар сайлауға төрт саяси партия қатысып, олардың партиялық тізіміне 109 кандидат енгізілген. Сайлау учаскелерінде дауыс беру кезінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға да жағдай жасалғанын байқап тұрмыз. Сондай-ақ арнайы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылып, тұрғындарға қызмет көрсету үшін 170 инватакси көлігі мен 40 сурдоаудармашы жұмылдырылған. 

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Мәслихат депутаттығына үміткерлерге дауыс беру бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау комиссиялары заңнамада белгіленген тәртіппен дауыстарды санауға кіріседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz