RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында 757 мың сайлаушы тіркелген

29.11.2026, 11:22 25

Қарағанды облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге 839 сайлау комиссиясы жұмылдырылды.

Барлық учаскелерде дауыс берушілерге жағдай жасалған. Кеншілер өңірінде науқан қалай өтіп жатыр? Өңірдегі аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялардың саны қанша? Тұрғындардың белсенділігі қалай?

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Бүгінгі сайлау науқанында Қарағанды облысында 14 - аумақтық, 193 - округтік, 632 учаскелік комиссия жұмыс істеп жатыр. Өңірде 196 бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттар бақ сынайды. Сонымен қатар алты саяси партияның тізіміне 81 кандидат енгізілген.  

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Жалпы өңірде 757 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Олардың 13 мыңнан астамы биыл 18 жасқа толған. Ал 2400 жуық азамат бүгін алғаш рет дауыс беріп отыр. Айта кетейік, барлық сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әсіресе мүгедектігі бар адамдарға барлық жағдай жасалған. Облыста 126 инватакси қызметі жұмыс істеп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz