RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында 203 депутат сайлануы тиіс

29.11.2026, 13:00 28

Ақтөбе облысының мәслихаттарына 203 депутат сайлануы тиіс, деп хабарлайды 24KZ.

Саяси науқан барысында облыстық сайлау комиссиясына 611 кандидат тіркелді. Олардың 53-і партиялық тізімнен болса, 558 үміткер бір мандаттық сайлау округтері бойынша тізімге енді. Өңірде 522 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлығы да дауыс берушілердің таңдау жасауына қолайлы жабдықталған. Мүгедектігі бар жандарға да қажетті мүмкіндік бар. Жалпы облыс бойынша 579 741 тұрғын дауыс бере алады.

Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

- Жалпы 579 741 сайлаушының ішінде 4017-сі бірінші рет дауыс берушілер. Оның ішінде дәл бүгін, 29-ы күні 55 сайлаушымыз 18-ге толып, бірінші рет дауыс беру құқығына ие болып отыр. Таңғы сағат жетіден бастап, дауыс беру мерзімі басталғаннан қазіргі уақытқа дейін заң бұзушылықтар жоқ. Сайлау учаскелерінің барлығы штаттық режимде жұмысын жасап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz