Қызылордадағы №200 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарды роботтар қарсы алып жатыр.
Қазір Қызылорда облысында 9 аумақтық, 136 округтік және 386 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Өңірде 500 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Барлық учаске қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Оның 359-ында мүгедектігі бар азаматтарға арнайы бұрыштар әзірленіп, бағыттаушы белгілер орнатылған. Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін 193 учаскеде онлайн қызметтер қолжетімді. Тұрғындар өз деректерін арнайы сайт, мобильді қосымша немесе Telegram арнасы арқылы тексере алады. Ал IT-лицейдегі роботтар дауыс беру тәртібін түсіндіреді. Әрі қала тұрғындарының көңіл-күйін көтереді.
Ләззат Әбенова, №200 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
- Біз ІТ-мектеп болғандықтан сайлаушыларды ерекше түрде қарсы алып жатырмыз. Таңғы сағат 07:00-ден бастап келіп жатқан сайлаушыларға адам-робот пен ит-робот жол көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Біздің мақсатымыз – сайлауды тек ресми шара ретінде емес, мерекелік түрде өткізу. Цифрлық технологиялардың халыққа жақын екенін көрсету.
Әділбек Ерсұлтанов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- 27 сайлау учаскесі бүгінде кез келген уақытта өзінің жұмысын тоқтатады. Себебі тізімдегі дауыс берген азаматтардың келіп, аяқталуына байланысты. Бүгінгі күні бізде 152 орынға 408 азамат кандидат ретінде тіркелді, ұсыныстарын берді. Яғни орта есеппен бір орынға 3 азаматтан келіп тұр.
Тегтер #мәслихат сайлауы #робот #Қызылорда #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz