Қарағанды облысында 757 мыңнан астам сайлаушы бар.
Олардың 13 мыңнан астамы биыл 18 жасқа толды. Бүгін 2400 тұрғын алғаш рет дауыс берді. Өңірде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге 839 сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Соның 14-і аумақтық, 193–і округтік, 632–і учаскелік комиссия. Саяси науқанда 196 бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттар бақтарын сынайды. Ал алты саяси партияның тізіміне 81 кандидат тіркелген.
Тегтер #Қарағанды облысы #мәслихат сайлауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz