Жетісу облысындағы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 18 жасқа толған егіздер алғаш рет дауыс берді.
Ағайынды Семён және Данил Потапенколар Ескелді ауданының Шымыр ауылында тұрады. Бүгін олар №118 сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасады. Жастар заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сайлауға қатысу әр азаматтың конституциялық құқығы және ел болашағына қосатын үлесі екенін жақсы біледі. Жалпы маңызды саяси науқанды өткізу үшін өңірде 469 сайлау учаскесі ашылған. 442 мыңнан аса адам дауыс беру құқығына ие.
Семён Потапенко, Шымыр ауылының тұрғыны:
- Бірінші рет сайлауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл менің таңдауым. Дауыс беру дегеніміз адамның жеке құқығы. Мен өз құқығымды пайдаландым. Келешекте заңгер болып, адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғағым келеді.
Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Дауыс беру таңғы сағат жетіде басталды. Барлығы бізде 625 сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Оның ішінде 11 аумақтық, 145 округтің, 469 учаскелік комиссия. Олардың құрамында 3719 адам. Бүгін бізде 11 мәслихатқа 168 депутат сайланатын болады. Қазіргі кезде ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Сайлау заңға сәйкес өтіп жатыр.
Тегтер #Жетісу #мәслихат сайлауы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz