RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында 400 мыңнан астам адам өз таңдауын жасайды

29.11.2026, 15:46 9

Абай облысында сайлау науқанына 400 мыңнан астам азамат қатыса алады.

Өңірде 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 35-і жабық мекемелерде орналасқан.

Рүстем Қайратұлы, тілші: 

- Біз қазір Семей қаласындағы №50 ай-ти мектептегі 19-сайлау учаскесіндеміз. Таңсәріден мұнда дауыс берушілер келе бастады. Әрқайсысы ел өміріндегі маңызды науқанға үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдіруде. Бүгінгі күннің кейіпкері Рауфа Асхатқызы. Бір жағынан, 80 жылдық мерейтойы болса, екінші жағынан, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып отыр. Еңбек ардагері ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыстарға араласып, алғашқы ардагерлер ұйымының төрайымы ретінде аға буын өкілдерінің мүддесін қорғап келеді.

Рауфа Асхатқызы, қала тұрғыны:

- Сайлау өтетін кезде әрдайым дауыс беруге келуге тырысамын. Көбіне алғашқы болып келіп, жастарға үлгі көрсеткім келеді. Өйткені олардың өз өмірі мен құқықтары үшін дауыс беріп жатқанын түсінгені маңызды. Жастар бізден, аға буын өкілдерінен үлгі алып, азаматтық жауапкершілікті сезінсе деймін.

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Жалпы өңірде 174 маслихат депутаты сайланады. Оның 30-ы облыстық мәслихатқа тиесілі. Бұл мандаттардың 15-і партиялық тізімдер бойынша, қалған 15-і бір мандатты сайлау округтері арқылы бөлінеді. Ал қалалық мәслихаттарға 33, аудандық мәслихаттарға 111 депутат сайланбақ. Депутаттық мандатқа үміткерлерді тіркеу қорытындысына келсек, облыстық мәслихаттың бір мандатты сайлау округтері бойынша 46 кандидат тіркелген. Партиялық тізімдер арқылы 5 саяси партиядан 47 кандидат ұсынылған. 

Бұдан бөлек қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына 430 адам тіркелді. Оның 99-ы қалалық, 331-і аудандық мәслихаттардағы депутаттық мандат үшін бәсекеге түседі.

Айжан Қуанышбаева, №19 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлаушылардың белсенділігі жақсы байқалады. Учаскемізде мүмкіндігі шектеулі және жүріп тұруы қиын азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалған. Атап айтқанда, олар үшін арнайы үстел мен дауыс беру кабинасы қарастырылған. Сонымен қатар аудио және бейне құрылғылар орнатылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұның барлығы әр азаматтың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауына мүмкіндік береді.

Рүстем Қайратұлы, тілші: 

- Абай облысында сайлау процесін ұйымдастыруға барлығы 464 учаске жұмылдырылған. Оның 35-і жабық мекемелерде орналасқан. Өңір бойынша 400 мың 74 адам дауыс бере алады.

Авторы Рүстем Қайратұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz