Қарағанды облысында мүгедектігі бар 6 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Олардың кейбірі үйде дауыс берді. Ал сайлау учаскелеріне барғандардың кедергісіз дауыс беруіне барлық жағдай жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
Облыс бойынша 632 учаскенің әрқайсында мүгедектігі бар жандарға арналған бұрыш дайындалды. Есту қабілеті нашар адамдар арнайы құлаққабы бар компьютердің көмегімен барлық ақпаратты тыңдай алады. Ал зағип жандар Брайль әрпімен жазылған бюллетенді пайдаланып таңдау жасайды. Қажеттілік туындаса сурдоаударма да бар. Өңірде сайлау күні 126 инватакси қызмет көрсетеді.
Нияз Сүндетәлиев, қоғам белсендісі:
– Осы сайлау өңірдің келешегі үшін өте маңызды. Себебі сайланған депутаттар, әрі қарай жергілікті халықтың әл-ауқатын көтеруге, облыстың экономикасын дамытуға, саяси шешімдер қабылдауға қатысады. Сондықтан мұндай саяси науқанда берілген әрбір дауыс маңызды деп білемін.
Тегтер #24KZ #Қарағанды облысы #Мүгедектігі бар жандар #мәслихат сайлауы #дауыс беруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz