RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында 102 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

29.11.2026, 17:20 16

Ақтөбе облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына 102 жастағы соғыс ардагері қатысты. Хромтау қаласының тұрғыны Василий Грецкий – майданда қан кешкен өңірдегі көзі тірі жалғыз ардагер, деп хабарлайды 24KZ.

Ғасырды еңсерген ақсақал үйден дауыс беруге өтінім берді. Тасымалданатын дауыс беру жәшігімен қарияның үйіне барған сайлау комиссиясы мүшелері ақсақалға саяси науқанға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сыйлық табыстады. 1942 жылы соғысқа аттанған Василий Грецкий Жеңіс күнін Берлин түбінде қарсы алды. Елге оралған соң теміржол саласында қызмет етті.

Василий Грецкий, соғыс ардагері:

– Елімізге амандық пен табыс, бейбітшілік пен тыныштық тілеймін. Аспанымыз ашық, нанымыз көп болсын. Ел басына ешқандай қайғы-қасірет төнбесін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz