RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда 103 жастағы майдангер дауыс берді

29.11.2026, 17:30 7

Талдықорғанда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қарт майдангер дауыс берді. 103 жастағы ардагердің үйіне учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барды, деп хабарлайды 24KZ.

Ысқақ Әбілпейісұлы Алакөл ауданы Көлбай ауылында дүниеге келген. Ол отызыншы жылдардағы ашаршылықтың, қырқыншы жылдардағы сұрапыл соғыстың көзі тірі куәгері. Алғашқыда Украинаға, кейін Тынық мұхитындағы ұрысқа қатысқан зенитші сан мәрте мергендігімен танылып, бірнеше марапатқа ие болды. Елге келгеннен кейін 40 жыл ұстаздық етті. Шағын мектептерге арналған оқу-әдістеме әзірлеп, әмбебап тақта, есептегіш құрал ойлап шығарған.

Гүлжан Сәрсенбайқызы, соғыс ардагері Ы. Әбілпейісұлының немересі: 

– Атамыз бұрыннан саяси науқандардан қалмайтын. Еліміздің нағыз патриоты. Өзінің ұстанымы бар. 100 жасына дейін сайлауларға өз аяғымен барып қатысқан. Қазір енді үш жыл болды, үйде отырып дауыс беріп отыр. Балалармен де қарым-қатынасы жақсы. Өзі тұрып, киінеді. Тамақты да өзі ішеді. Қазіргі таңда атамыздың жағдайы жақсы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz