Ақмола облысының барлық аумағында сайлау науқаны қызып жатыр. Сағат сайын дауыс берушілер қатары артып келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес өңір тұрғындарының 55 пайызы өз таңдауын жасап үлгерді, деп хабарлайды 24KZ.
«Әсіресе ауыл-аймақтағы халықтың белсенділігі жоғары», – дейді мамандар. Жалпы өңірде 521 мыңнан астам адам дауыс бере алады.
Флорентина Келлер, № 603 учаскесінің комиссия төрағасы:
– Бүгінгі күннің біз үшін маңызы зор. Өйткені саяси науқанға қатысып, дауыс беру арқылы елдің ертеңіне жарқын жол ашамыз. Бұл – әр азаматтың парызы. Мен де сол парызымды орындадым. Еліміз аман, жұрт тыныш болсын.
Тегтер #24KZ #Ақмола облысы #Көкшетау #дауыс беру #мәслихат сайлауыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz