Бүгінгі мәслихат сайлауына 451 мың 868 батысқазақстандық азамат қатысып, қалаған кандидатына дауыс бере алады, деп хабарлайды 24KZ.
Облыстық мәслихатқа 5 саяси партия тізімін ұсынса, бірмандатты аумақтық округтер бойынша 521 үміткер тіркелді. Таңғы 7-де өңірдегі 488 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Алғашқы сағаттарда Шыңғырлау, Бөкей Ордасы, Тасқала, Қаратөбе аудандарының тұрғындары белсенді болды. Сайлау барысын өңірде 783 байқаушы қадағалап отыр. Оның 91-і үміткерлердің сенім білдірген адамдары болса, 233-і саяси партия өкілдері, 378-і қоғамдық бірлестік байқаушылары. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың да сайлауға қатысуына тиісті жағдай жасалды.
Әділ Жоламанов, БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
– Барлық жерде жағдай қалыпты. Қазіргі кезде ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Біздің тарапымыздан ең басты көңіл бөлінетін мәселе – мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімді болуы. Бірінші кезекте осыған мән береміз. Олар үшін әрбір сайлау учаскесінде арнайы бұрыштар жасақталған және қажетті құрал-жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етілген. БҚО бойынша 2 362 мүгедектігі бар адам тіркелген. Сонымен қатар үйден дауыс беретін азаматтардың да сағат 12-ге дейін өтініштерін қабылдап, конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына жағдай жасап отырмыз.
Тегтер #24KZ #Батыс Қазақстан облысы #мәслихат сайлауы #дауыс беру учаскесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz