RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО жастары белсенді дауыс беруде

29.11.2026, 18:10 18

Шығыс Қазақстан облысында 18 жасқа биыл толған 3 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы. Өңір жастары мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында белсенділік танытты, деп хабарлайды 24KZ.

 Олар елдегі саяси өзгерістердің мәнін және өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару рөлінің артқанын жақсы түсінеді. Саналы таңдау жасауға келген жас сайлаушылар: «Депутаттардың халықпен тығыз байланыс орнатуы маңызды», – дейді. Шығыс Қазақстан облысында сайлауға 577 үміткер түсіп жатыр. Облыстық мәслихатқа – 48, қалалық мәслихаттарға – 108, ал аудандық мәслихаттарға 372 кандидат тіркелді.

Әйгерім Құрмет, Өскемен қаласының тұрғыны:

– Мен 18 жастамын. Алғаш рет сайлауға келіп тұрмын. Бұл сайлау – мен үшін үлкен жауапкершілік, сенім. Әр азаматтың борышы жеп ойлаймын. Жастар үшін бұл – үлкен мүмкіндік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz